ОҚО-да «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті

0
1 827

онымен қатар «САҚ» киностудиясының басшысы Бәйдібек ауданының 90 жылдығына орай «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің 90 данасын тарту етті.


ОҚО-да «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті

ERNUR.KZ. ОҚО, Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында «САҚ» киностудиясы ауданымыздың 90 жылдығына орай түсірген «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудандық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға арнайы қатысқан «САҚ» киностудиясының басшысы Нуриддин Паттеев аудан әкімі Бақытбек Танакөзовrt «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің күйтабағын салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар «САҚ» киностудиясының басшысы Бәйдібек ауданының 90 жылдығына орай «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің 90 данасын тарту етті.

«Бәйдібек би» анимациялық фильмінің тұсаукесер көрсетілімі «Тәуелсіздік» алаңындағы лэд экраннан аудан тұрғындары мен қонақтарға және бүлдіршіндерге көрсетілді. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аталып өтті. «Сәлем саған Астана» шеруі ұйымдастырылып, шеруге түрлі ұлттық мерекелік киімдер киген 5000 мектеп оқушылары аудан орталығындағы көшелермен жүріп өтіп, Тәуелсіздік алаңындағы шараға қатысты.

Айта кетерлік жайт мерекелік іс-шарада демеушілер есебінен бүлдіршіндерге 1000 дана балмұздақ таратылды.