ОҚО-да электр сымдарын және трансофрматор ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

0
1 281

Тергеу барысында олардың осындай тағы 5 қылмысқа қатысы бары анықталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.


ОҚО-да электр сымдарын және трансофрматор ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

ОҚО Бәйдібек ауданының полицейлері трансформатор және электр сымдарын ұрлаумен айналысқан жеті адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күдіктілер сәуір айында Боралдай ауылынан трансформатор ұрлап, электр сымдарын кесіп, алып кеткен. Келтірілген шығын мөлшері миллион теңге шамасында. Қылмыстық топтың әрекетінен Бәйдібек ауданының тағы бірнеше ауылы жарықсыз қалған.

Жедел іздестіру барысында полиця 7 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Айғақ ретінде ұрланған зат пен электр кабельдері тиелген автокөлік тәркіленіп алынды.

Тергеу барысында олардың осындай тағы 5 қылмысқа қатысы бары анықталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.