ОҚО-да "Ұлт тарихындағы Ұлы белес" атты республикалық жиын басталды

0
1 530

Ұлтымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында өтіп жатқан басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірімізде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды.


ОҚО-да

ERNUR.KZ. Бүгін ОҚО да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай "Ұлт тарихындағы Ұлы белес" атты республикалық жиын басталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келелі жиынға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, елімізге танымал ғалымдар, қаламгерлер мен журналистер, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ұлтымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында өтіп жатқан басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірімізде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды.

Жиынды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып, "Рухани жаңғыру бағдарламасының облыстағы орындалу барысы туралы әңгімелеп, алдағы тұрған міндеттер жайлы айтты. Облыста "Рухани жаңғыру" бағдарламаласын жүзеге асыру мақсатында құрылған өңірлік Жобалық кеңсе тарапынан 46 жоба, 168 іс-шара әзірленіп, жүзеге асырылып келеді. Ал "Рухани жаңғыру" бағдарламасын түсіндіру, насихаттау шарасына 1 миллионннан астам адам қамтылған.