ОҚО-да мектеп түлектері "Бәйтерек" монументін орнатты

0
879

Созақ ауданы, Жуантөбе ауылындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 1998 жылғы бітіруші түлектер Астана қаласының 20 жылдығына, Созақ ауданының 90 жылдығына орай өздері туып өскен, кіндік қаны тамған туған жерлеріне «Бәйтерек» монументін орнатты.


ОҚО-да мектеп түлектері

ERNUR.KZ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен», «Туған жер» арнайы жобасы аясында Созақ ауданы, Жуантөбе ауылындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 1998 жылғы бітіруші түлектер Астана қаласының 20 жылдығына, Созақ ауданының 90 жылдығына орай өздері туып өскен, кіндік қаны тамған туған жерлеріне «Бәйтерек» монументін орнатты.


Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бегманұлы мен 1998 жылы бітірген түлектер атынан Қайратұлы Елнұр салтанатты түрде лентасын қиды. Б.Айдарбеков өз кезегінде ауыл тұрғындарына құттықтау сөз сөйлеп, туған жерге тағзым етіп, азаматтық іс жасаған жандарды аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.
Ашылу салтанаты мерекелік шараға арнайы шақырумен келген аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Шараға қатысқан ақ жаулықты әжелер шашу шашып, қариялар ақ батасын берді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет