ОҚО-да полиция қызметкері өзін-өзі асып қойды

0
1 183

Туыстарының сөзіне сенсек, марқұм полиция формасында асылып қалған. Өз өзіне қол жұмсаған лейтенанттың ата анасы перзентінің өмірмен қош айтысуына басшылық тарапынан көрген қысымы себеп болған деп отыр.


ОҚО-да полиция қызметкері өзін-өзі асып қойды

ERNUR.KZ. ОҚО Ордабасы ауданында 25 жастағы полицей асылып қайтыс болды. Марқұм ОҚО Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарған. 17 мамыр күні 25 жастағы полиция лейтенантының денесі жалдамалы пәтерден табылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Туыстарының сөзіне сенсек, марқұм полиция формасында асылып қалған. Өз өзіне қол жұмсаған лейтенанттың ата анасы перзентінің өмірмен қош айтысуына басшылық тарапынан көрген қысымы себеп болған деп отыр. Сондай ақ ұлдарының төрт айдан бері жалақы алмағанын айтады."Ақша сұраған факті болған. Мұның бәрін жасырып отыр. Әңгімеден әңгіме таралып, өзінің әріптестері бұл жағдайды айтып отыр. Соңғы жиналысында жеті мың доллар сұраған", - дейді марқұм полицейдің ағасы Нұрсұлтан Назаров. Нариман Назаров үш жылдай полиция қатарында қызмет еткен.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Ордабасы аудандық жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты ОҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіпжатыр. Нәтижелерін қосымша хабарлаймыз",-дейді ОҚО ІІД басқарма басшысы Салтанат Қаракөзова.