ОҚО да төрт жасар бала есік алдындағы суға кетіп қайтыс болды

0
1 172

Ойнап жүріп абайсызда егін суаратын суға аяғы тайып кеткен балақайды ауылдастары алып шыққанмен аман алып қалу мүмкін болмады.


ОҚО да төрт жасар бала есік алдындағы суға кетіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ойнап жүріп абайсызда егін суаратын суға аяғы тайып кеткен балақайды ауылдастары алып шыққанмен аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2014 жылы туған туған бүлдіршін ОҚО, Түлкібас аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұл факті ОҚО ТЖД 30 мамыр күні тіркелген.

"Сағат 17-00 Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, Демеушов көшесі №190 үйдің жанынан өтетін суғармалы арыққа 07.03.2014 ж.т. бала туыстарының қарауынсыз қалып, абайсызда құлап, суға батып кеткен. 30.05.2018ж. сағат 17-15-те денесін судан туысқандары тауып, шығарып алған" - деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметінен.