ОҚО-да "Туған жер" арнайы акциясы аясында бірқатар жоба жүзеге асырылды

0
2 416

Бұл орайда Шымкент қаласында құны 300 млн. теңге болған "Қос ана" балабақшасы, Төлеби ауданында 100 млн теңгелік көшелерді абаттандыру жұмыстары, Бәйдібек ауданында 340 млн теңгеге "Домалақ ана" кесенесін абаттандыру жұмыстары мен кесене жанынан қонақ үй салынған.


ОҚО-да

ERNUR.KZ. Облысымызда жүзеге асып жатқан "Туған жер" арнайы жобасы бойынша бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлер мен демеушілердің тарапынан бірқатар өңірлік жобалар орындалған. Бұл туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай ОҚО да ұйымдастырылған "Ұлт тарихындағы Ұлы белес" атты республикалық жиында айтылды ,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл орайда Шымкент қаласында құны 300 млн. теңге болған "Қос ана" балабақшасы, Төлеби ауданында 100 млн теңгелік көшелерді абаттандыру жұмыстары, Бәйдібек ауданында 340 млн теңгеге "Домалақ ана" кесенесін абаттандыру жұмыстары мен кесене жанынан қонақ үй салынған. Отырар ауданында құны 80 млн теңге болған балабақша, 50 млн теңгеге этноауыл, 45.3 млн теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілген. Бұдан бөлек облысымыздағы маңызы бар тарихи мәдени археологиялық ескерткіштердің фотоальбомы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылып, таратылды.

Тарихи-мәдени мұраларды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында "Көне жетігеннің сыры" атты 10 сериялы телехикая, "Киелі Қазығұрт ", "Отырарды қорғау", "Күш атасы - Қажымұқан", атты анимациялық және "Ұлы Жібек Жолындағы ескерткіштер" атты деректі фильмдер түсірілген.