ОҚО да жастарды суицидтен қайтаруға арналған қойылым сахналанды

0
1 509

«Өзіңе өмір сыйла» деп аталатын екі сағаттық қойлым көрермен қауымның көңілін бір серпіп алды. Актерлердің шеберлігі мен сахна декорациясына жоғары баға берген көрермен қойылымның шарықтау шегіне жеткенде орындарынан тұрып қошемет көрсетті.


ОҚО да жастарды суицидтен қайтаруға арналған қойылым сахналанды

Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығында» Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрының жанынан құрылған «Драм арт» театырының актерлері жастарға арнап қойылым көрсетті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшіс.

«Өзіңе өмір сыйла» деп аталатын екі сағаттық қойлым көрермен қауымның көңілін бір серпіп алды. Актерлердің шеберлігі мен сахна декорациясына жоғары баға берген көрермен қойылымның шарықтау шегіне жеткенде орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

«Драма арт» театры жеті жылдан бері жастар мен балалар арасындағы өзекті мәселелерді дер кезінде сахналап, жаңаша бағытта жеткізіп жүр. Бұл жолғы қойылымға 300-ден астам жас қатысты.

Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Абзалбек Убелтаевтың айтуынша, өткен жылы суицидке қарсы 370 іс-шара ұйымдастырылған. Биыл да осындай бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр дейді.