ОҚО: Ордабасы ауданында мал ұрлығымен машықтанған қылмыстық топ әшкереленді

0
1 317

Тергер-тексеру жұмыстары кезінде анықтағаны: күдіктілер 4 немесе 5 адам болып бөлініп, түнгі жорыққа шығады. Содан, үйлердің ауласындағы қоралардан ұсақ және қара малдарды ұрлап кетіп, сойып етін сату орындарына өткізген.


ОҚО: Ордабасы ауданында мал ұрлығымен машықтанған қылмыстық топ әшкереленді

ERNUR.KZ. ОҚО Ордабасы аудандық полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-іздестіру тобы 8 адамнан құралған қылмыстық топты қолға түсірді. Аудан және облыс аумағында мал ұрлығымен айналысып келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тергер-тексеру жұмыстары кезінде анықтағаны: күдіктілер 4 немесе 5 адам болып бөлініп, түнгі жорыққа шығады. Содан, үйлердің ауласындағы қоралардан ұсақ және қара малдарды ұрлап кетіп, сойып етін сату орындарына өткізген. Түскен қаржыны өз қажеттеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда ұсталған күдіктілердің мал ұрлығының 8 дерегіне қатысы бары анықталған. Жәбірленушілерге жалпы 1 миллион теңге көлемінде шығын келген.

Күдіктілер қол хатта. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.