ОҚО полицейлері жеке үйлер мен кафелерді тонаған күдіктіні ұстады

0
1 144

Күдікті негізінен үйге қажетті жабдықтар, техника мен басқада бағалы заттарды ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 700 мыңнан аса теңгені құрады.​


ОҚО полицейлері жеке үйлер мен кафелерді тонаған күдіктіні ұстады

ERNUR.KZ. ОҚО Сарыағаш АІІБ ПБ полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында аудандағы үйлер мен дәмханаларды тонаумен айналысып келген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ .

Тергеу барысында оның шамамен 20 қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті негізінен үйге қажетті жабдықтар, техника мен басқада бағалы заттарды ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 700 мыңнан аса теңгені құрады.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмыстық жайттарға қатысы барын анықтауда.