ОҚО: тауда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды

0
2 335


ОҚО: тауда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды

Бұл туралы ОҚО ТЖД құтқару қызметіне 14 мамыр таңғы 05.25-те хабарлама келіп түскен. Белгісіз себептермен жоғалып кеткен 1997 жылы туған жігітті іздеу жұмыстарына ОҚО ТЖД 2 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрамсу тау шатқалында жоғалып кеткен жігітті іздеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанда, бүгін 14 мамыр сағат 09.05-те "Сайрам--Өгем мелекеттік ұлттық паркі" ММ-ның инспекторы жоғалды деген жігітті тауып, таудан төмен түсірген. Дереу жедел жәрдем көрсету станциясының қызметкерлері 21 жастағы жігітті қарап шығып, жағдайы дұрыс екенін анықтады.

Айта кетейік, 12 мамыр күні ОҚО, Төлеби ауданы "Біркөлік" тау шатқалында екі жігіттің таудан түсе алмай қалғандығы туралы да мәлімет тараған болатын. Тауға шыққан 1995 жылы және 1997 жылы туған екі жігіт қараңғы түсуіне байланысты таудан түсе алмай қалған. ОҚО ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы жабылып, тауда адасқан екі жігітті құтқарып алды.