ОҚО: Жетісай қаласында 48 мың дана гүл егілді

0
1 979

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында аудан бойынша 10527 дана ағаш отырғызылып, Жетісай қаласында 48 мың дана гүл егілді.


ОҚО: Жетісай қаласында 48 мың дана гүл егілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында аудан бойынша 10527 дана ағаш отырғызылып, Жетісай қаласында 48 мың дана гүл егілді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімінің бастамасымен өткен «Ақ көңілділік - адам ойының тазалығының белгісі!» атты жаппай сенбілікке 9 мыңға жуық мақтаралдық қатысты. Тазалық жұмысы барысында 82 көшенің бойы, 22 аяқжол, 0,675 гектар саябақ, 21 шақырым көпірлер мен арық-атыздардың бойы тазаланып, 421 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 18 жерде жатқан берекетсіз күл-қоқыстар жойылса, 8544 тал, 15 автобус аялдамалары әктелді. Бұл жұмыстарға 28 техника жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, сенбілік аясында 2673 үй іргелік аулалар, көп қабатты үйлердің маңындағы аулалар мен жертөлелер қоқыстан тазартылса, 12 балалар, 3 спорт алаңшалары, 1,775 шақырым болатын ирригациялық жүйелер ретке келтірілді. Айта кетейік, аталған сенбілік ауданда 4 күнге жалғасын табады.