​«Ордабасы – бірлік туы» анимациялық фильмінің көрерменге жол тартар күні жақын

0
2 112

Одан өзге «Түркістан», «Оқсыз» анимациялық фильмдері мен «Төле би» телесериалының түсірілім жұмыстары жалғасып келеді.


​«Ордабасы – бірлік туы» анимациялық фильмінің көрерменге жол тартар күні жақын

Осы жылы да облыс басшысының қолдауымен Түркістан облысында «Ордабасы – бірлік туы» атты анимациялық фильмнің түсірілімі аяқталып, тұсаукесері жоспарлануда. Сонымен қатар, «Түркістан», «Оқсыз» анимациялық фильмдері мен «Төле би» телесериалының түсірілім жұмыстары жалғасып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялық қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Брифингке қатысқан «Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Пәттеев Президент мақаласындағы қойылған мақсаттар төңірегінде Түркістан облысында жүзеге асқан жобаларға тоқталды.

«Өткен жылы өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая түсіріліп, көрермен қауымға ұсынылды. Бұдан өзге, «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан», «Бәйдібек би» атты анимациялық фильмдері республикалық және жергілікті телеарналарда көрсетілді. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолындағы ескерткіштер» атты деректі фильм таспаланып, көпшіліктің назарына ұсынылды», - деді «Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Пәттеев.