"Ордабасы" ФК жанкүйері қазақстандық футбол шенеуніктерін "шаромыжник" деді (видео)

0
1 823

27 мамыр күні ел кубогының аясында өткен «Ордабасы» мен «Қайрат» клубтарының кездесуінен соң ҚФФ "Ордабасы" командасына ​168350 теңге, "Қайратқа" 120 250 теңге айыппұл салу туралы шешім шығарған.​


ERNUR.KZ. «Ордабасы» клубының танымал жанкүйері Ержан Мұқаш Қазақстан футбол федерациясына ызалы. Оның пікірінше футбол федерация шымкенттік командаға негізсіз айыппұл салған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

27 мамыр күні ел кубогының аясында өткен «Ордабасы» мен «Қайрат» клубтарының кездесуінен соң ҚФФ "Ордабасы" командасына 168350 теңге, "Қайратқа" 120 250 теңге айыппұл салу туралы шешім шығарған.

Отандық футбол шенеуніктері шымкенттік команданың "шоумен" жанкүйері алаңға шығып кеткені үшін жазалаған. Алдымен сүйікті командасына негізсіз айыппұл салынғанына және өзін "шоумен" деп атағанына ашуланған Ержан Мұқаш ҚФФ басшыларына видеоүндеу жариялады.

ERNUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында Ержан Мұқаш УЕФА-ға шағымданатынын айтты. Сонымен қатар, оның пікірінше ҚФФ «Ордабасы» клубын Еурокубоктан да шеттіп, қазақстандық футболды өлтіріп жатыр.

Ол Шымкентте өтетін келесі матчта "Ордабасыға" салынған айыппұлды жанкүйерлерден жинап беріп, елдің футбол федерациясының негізсіз әрекетіне осылай жауап қайтаратынан да жеткізді.