Ордабасылықтар «Елбасы жолы. Астана» фильмін тамашалады

0
1 169

Көрермендер фильмнің ел тәуелсіздігіндегі маңызды қадамдарды жаңа қырынан танытқанын, мол әсер алғандарын айтып, тарқасты.


Ордабасылықтар «Елбасы жолы. Астана» фильмін тамашалады

17 желтоқсанда Ордабасылықтар орталық мәдениет үйіне жиналып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Сатайфильм» киностудиялары түсірген «Елбасы жолы. Ас­тана» фильмін тамашалап, Қазақстан елор­дасының қалыптасу тарихына қанықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Фильмде еліміздің бас қаласына айналған Астананың іргетасын қалаудағы Нұр­сұлтан Назарбаевтың еңбегі, қиындықтарды жеңе білудің жарқын үлгісі, осы жолда Елбасының сенімді серігі болған азаматтардың қызметі, халықтың бірлігі, жұрт­шы­л­ықтың ықыласы, сенімі көркем түрде баяндалады. Фильмде қамтылған жылдар еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғалар сә­тімен ұсынылған. Әсіресе ел шекарасын шегендеу, өзге елдермен ынтымақтастық орнату бағытындағы маңызды қадам­дарды санада жаңғыртатын тұстар көңілге жылы әсер етті.
Бүгінге дейін «Елбасы жолы» киноэпо­пея­сының бес картинасы көрермен назарына ұсынылған-ды. «Балалық ша­ғымның аспаны» (2011 жыл), «От­ты өзен», «Теміртау» (2013 жыл), «Тығырықтан жол тап­қан» (2014 жыл) және «Жұлдыздар тоғыс­қанда» (2016 жыл). Алғашқы төрт бөлімде Мемлекет басшысының рөлін актер Нұрлан Әлімжанов сомдаса, «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде бас кейіпкердің рөлін актер Берік Айтжанов ойнады.
Көрермендер фильмнің ел тәуелсіздігіндегі маңызды қадамдарды жаңа қырынан танытқанын, мол әсер алғандарын айтып, тарқасты.