Орталық Азиядағы ең үлкен трансформатор Түркістан облысында құрастырылды

0
875

Алып трансформаторды бір жылға жуық уақыт бойы құрастырған.


Орталық Азиядағы ең үлкен трансформатор Түркістан облысында құрастырылды

Түркістан облысында Орталық Азиядағы ең үлкен трансформатор құрастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстандық өнім саналатын Орта Азиядағы ең ірі трансформатордың жалпы ұзындығы 13 метрден асса, биіктігі 10 метр. Ал оның жалпы салмағы 295 тонна. Алып трансформаторды бір жылға жуық уақыт бойы «Alageum Electric» компаниясы құрастырған.


Қуаты 250 мың киловольт-ампер және кернеуі 500 киловольт болатын үш фазалы трансформатор бұрын Қазақстанда мүлдем Орта Азия көлемінде өндірілмеген. Бұл үш фазалы трансформатор бүтін бір қаланы электр қуатымен қамтамасыз ете алады.


Өндіріс орны алдағы уақытта алып трансформаторларды ТМД елдеріне де экспорттауды жоспарлап отыр. Қазір ірі және блокты трансформаторларды құрастыру бойынша жобалау жұмыстары жүріп жатыр.