​Оңтүстік дәрігерлері Корей елінің мамандарынан шеберлік сабақтарын алды

0
2 620

​Оңтүстік Кореяның дәрігерлері Облыстық Клиникалық аурухана дәрігерлеріне шеберлік лекцияларын өтті. Ким Ен Джин мен Ким Дже Хон жергілікті дәрігерлермен біліктіліктерімен бөлісіп, науқастарды қабылдап, ота жасады. Осы жылы өңірімізден Оңтүстік Корея еліне 8 дәрігер барып біліктілігін арттыу мақсатында барады деп жоспарлануда.


​Оңтүстік дәрігерлері Корей елінің мамандарынан шеберлік сабақтарын алды

Оңтүстік Кореяның дәрігерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық Клиникалық аурухана дәрігерлеріне шеберлік сабақтарын өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ким Ен Джин мен Ким Дже Хон жергілікті дәрігерлермен біліктіліктерімен бөлісіп, науқастарды қабылдап, ота жасады.

Осы жылы өңірімізден Оңтүстік Корея елінде 8 дәрігер біліктілігін арттыу мақсатында барады деп жоспарланған. Ол дәрігерлерге арнайы ағылшын тілін үйрету курстары да жүргізілуде.

- Өткен жылы біздің 6 дәрігеріміз Корей еліне барып шеберлігін шыңдап келді.Ол дәрігерлердің жол шығынын біз көтердік, ол жаққа барғанда тұратын жері, ас-аухаты бәрі тегін,-дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникасының бас дәрігері Марат Пашимов.

-Біздің Шымкент қаласына келгендегі басты мақсатымыз - тұрғындар шетелге барып емделмей осында өз елінде емделсін деген ниет. Дегенмен, 1 ай оқу уақыты өте аз. Сондықтан, біз де арасында осылай іс-сапармен келіп тұрамыз, - деді Оңтүстік Кореялық дәрігер Ким Ен Джин.