​Отырар ауданында өрт салдарынан жеті айлық сәби көз жұмды

0
2 632

ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында жеке тұрғын үй өртке оранған деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Отырар ауданында өрт салдарынан жеті айлық сәби көз жұмды

ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында жеке тұрғын үй өртке оранған деп хабарлайды ERNUR.KZ Otyrar.кz cайтына сілтеме жасап.

Өрт аумағы 6 шаршы метрді құраған. Тілсіз жауды сөндіруге ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінен 7 қызметкер, 3 дана техника жұмылдырылған.

Сондай- ақ, Отырар аудандық ІІБ -нің 4 қызметкері мен 1 дана техника тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан. Жеке тұрғын үйде орын алған өрт салдарынан 2017 жылдың қыркүйегінде туған 8 айлық сәбиді күйік шалған. Нәресте ауыр күйік салдарынан көз жұмды деген ақпаратты ОҚО ТЖД баспасөз қызметі растады.