​Отырарда аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен семинар өтті

0
1 956

Семинардың басты тақырыбы — балалар мен жасөспірімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы кітап оқудың маңызын түсіндіру.


​Отырарда аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен семинар өтті


Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Темір ауылдық мәдениет үйінде орналасқан Темір ауылдық кітапханасында «Жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы кітап оқудың әсері» атты аймақтық семинар өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Отырар аудандық балалар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген семинарға 23 ауыл округіндегі ауылдық кітапханалардың меңгерушілері қатысты.
Семинар мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханалар арасында байланыс орнату, тәжірибе алмасу.
Басқосуда аудандық орталық кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Р.Пернебаева соңғы жылдары жастардың көркем әдебиет, мерзімді басылымдарды оқуға деген қызығушылығының азайып бара жатқандығы мәселесін көтерді.
Сондай-ақ, жастарды оқуға тарту, патриоттық, тәрбиелік бағыттағы кітаптарды насихаттаудың озық тәжірибелері талқыланып, тренинг, іскер ойындар ұйымдастырылды.
Жастардың ақпараттық мәдениетін дамытуда кітапхана қызметі мен оның алатын орны және басқа да жағдайларға қатысты мәселелер қарастырылды.
Семинарға қатысушы ауылдық кітапхана кітапханашылары «Жастардың оқу мәдениеті және оны кітапханада қалыптастырудың жолдары» тақырыбында ашық әңгіме барысында өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.