​Отырарда Мемлекеттік қызметшілер күні ұлықталды

0
652

Жарысқа мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен жасақталған 10 команда қатысып, спорттық бәсекелестік танытты.


​Отырарда  Мемлекеттік қызметшілер күні ұлықталды

Отырар ауданында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні мен мемлекеттік қызмет органдары құрылғанының 20 жылдығына орай арқан тарту және кіші футболдан мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында аудандық ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, бұқаралық спортты көпшілікке жан-жақты насихаттау мақсатында өткен жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов:

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік бағдарламалары мен дәстүрлі Жолдауларында көтерілген міндеттерді жүзеге асыруда өткізіліп отырған бүгінгі спорттық шаралар ҚР Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтауға бағытталып отыр. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті - халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - жауапты міндет. Өйткені, мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді», - деп, ізгі тілегін білдіріп, бос уақытты тиімді пайдаланып, кемел келешекке деген берік сеніммен бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды.

Жарысқа мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен жасақталған 10 команда қатысып, спорттық бәсекелестік танытты. Жүйріктен оза шапқан жүйрік жеңімпаздарға аудан басшысы арнайы алғыс хаты мен естелік медальдары табысталды.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет