​Отырарда «Туған жерді еңбегімен түлеткендер» атты ой бөлісу кеші өтті

0
1 111

Аталған кешті аудандық орталық кітапхана мекемесі ұйымдастырды.


​Отырарда «Туған жерді еңбегімен түлеткендер» атты ой бөлісу кеші өтті

Түркістан облысы Отырар аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Туған жерді еңбегімен түлеткендер» атты ой бөлісу кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған шара Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұйымдастырылды. Кешті кітапхана қызметкері Ж.Серікқызы жүргізді.

Ауданның еңбек ардагерлері, ұстаздар мен оқушылар жиылған шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрымжан ашып берді.

Ой бөлісу кешінің мақсаты - ерен еңбегімен құрметке бөленген жерлестеріміздің қызметін жас ұрпаққа үлгі етіп көрсету, туған жерге деген құрметін арттыру.

Шараға арнайы шақырылған қонақтар Талапты ауылдық ардагерлер төрағасы К.Жұмашев, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері С.Одамановтар жастарға тағлымы мол өмір жолдарынан сыр шертіп, жастарға ел болашағы білімді, білікті ұрпақ қолында дей келе, олардың салт-дəстүрімізді, мəдениеті-мізді құрметтейтін саналы азамат болып, елін, туған жерін сүйіп, мемлекетіміздің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырды.