Отырарлық таланттар танылды

0
2 744

ERNUR.KZ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қалың елдің арасында кеңінен насихаттау және тәуелсіз еліміздің тірегі - Астана қаласының 20 жылдығы аясында дәстүрге айналған «Отырар таланттары-2018» VІІ халық өнер фестивалі өтті.


Отырарлық таланттар танылды

ERNUR.KZ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қалың елдің арасында кеңінен насихаттау және тәуелсіз еліміздің тірегі - Астана қаласының 20 жылдығы аясында дәстүрге айналған «Отырар таланттары-2018» VІІ халық өнер фестивалі өтті.


Фестивальге ауданның 13 ауыл округтеріндегі таланттар өнер сайысының ережесіне сәйкес 15 жанр бойынша өз өнерлері мен туындыларын ортаға салды. Алғашқы іріктеу кезеңіне 500-ден астам өнерпаз қатысса, олардың арасынан іріктеліп шыққан 200-ге жуық өнерлі жандар ақтық кезеңде бақ сынады.
Аймақ үшін төл өнер мерекесін аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөзбен ашып берді.

«Көне Отырар өркениетін қайта жаңғыртып, жас талантардың бағын ашқан байқауда отырарлық Серік Сейітман, Досхан Одаманов, Сағынтай Құттыбай, Дәурен Полатбаев, Еркеғали Махмутханов, Дәурен Ақсақаловтардай бірнеше талантты жастар өнер көкжиегіне қанат қағып, өнер сахнасында ақ батасын алған болатын. Аталған жас өрендеріміз бүгінде халықаралық конкурстарда жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатуда. Бүгінгі байқауды жеңіп шыққан жүйріктердің ішінен де ұлтымыздың өнері мен мәдениетін алға сүйреп, әлемге танытатын дарабоздар шығатындығына кәміл сенемін» - деді, Е.Айтаханов.
ҚР еңбегі сіңген қайраткері, әнші-композитор Марат Омаров төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның әншісі Айнұр Нұрашова, талантты актриса Жұлдызай Дүйсенбиева, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Мархабат Бейсенова, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры» сыйлығының лауреаты Азамат Жылтыркөзов пен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Берік Жорабековтердің болуы байқаудың маңыздылығын арттыра түсті.
Сонда да болса жүзден жүйрік шыққан нағыз таланттылар өнер бәйгесінде белгіленген қатаң ережеден қаймықпастан өз өнерлерін паш етті. Нәтижесінде жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайы дайындалған дипломдар мен қаржылай сый-сияпаттарға ие болды.

Сондай-ақ, ауданда ұйымдастырылған «Онжылдықтар тоғысында» акциясына өз үлестерін қосып, жомарттық танытқан бір топ отырарлықтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Фестивалдің соңы республикаға танымал өнер жұлдыздарының гала-концертіне ұласып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.