Республикалық додада түркістандық балуандар көш бастады

0
2 052

1-орынға қол жеткізді.


Республикалық додада түркістандық балуандар көш бастады

Ақтөбе қаласында 25-28 наурыз аралығында ересектер жəне əйелдер арасында белбеу күресінен ел чемпионаты өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған додада Түркістан облысының балуандары 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль иеленді. Жалпы командалық есепте өңірдің спортшылары 1-орынға қол жеткізді.

«Шәкірттеріміз алдағы уақытта өтетін Əлем жəне Азия біріншіліктерінде ел намысын қорғайтын болады. Балуан қыздарымыз да осал емес. Жарысқа үкілеп қосқан Гүлзира Құдасбек 58 келіде 3-орын, Шахноза Абдуқадырова 52 келіде 2-орынды еншіледі. Үмітіміз ақталды. Бұдан да биік белестерді бағындаратындығымызға сенімім кәміл», - деді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Түркістан облысы бойынша белбеу күресінің президенті Қуатбек Байхожаев.

Белбеу күресінің классикалық түрі бойынша ерлер арасында 57 келі салмақта Қалмұхан Тұрмаханбет 1-орын, 75 келіде Дəурен Дəмен 2-орын, Аян Ермекбаев 3-орын. Ал, еркін түрінен 82 келіде Ернар Байжігіт пен 90 келіде Айдос Кұлманбетов ел чемпиондары атанды. Сондай-ақ, 62 келіде Мадияр Жамбыл, 82 келіде Аян Ермекбаев күміс жүлдеге, 82 келіде Аян Ермекбаев, 90 келіде Жасұлан Міркенов, 100 келіде Мейірбек Байжігіт қола жүлдеге қол жеткізді.