​«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында спартакиада өтті

0
1 613

Спартакиада - жастарғадың патриоттық сезімін оятып, болашаққа сеніммен қарауға ықпал етеді.


​«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында спартакиада өтті

фото: facebook.com

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында салауатты өмір салтын ұстану, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау барысында Түркістан облысы, Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылдық округінде мектепаралық жоғарғы сынып оқушыларының арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ерлер арасында өткен спартакиада жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімдерін жандандырды десек қате айтпағандығымыз. Барлық команда мүшелері жарысқа жақсы дайындықпен келіп, белсенді түрде қатысты. Еліміздің жастары спортқа жанкүйер бола біледі. Олардың арасынан Қазақстан атын шығарар ұлы азаматтар шығатынына сенім мол.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен спартакиада көптеген өңірлерде жалғасын табуда. Елбасымыздың сарабдал саясаты тек ресми түрле ғана емес, халық арасында кеңінен таралып, насихатталып жатқаны осының дәлелі. Дегенмен, спорттық үлгіде өтетін іс-шараларды, спартакиадалар түрін жаңартып, заманауи тұрғыда өткізсе нұр үстіне нұр болары даусыз.