Рухани жаңғыру бойынша дәрістер оқыды

0
1 598

Кентау қаласында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында қала басшылары мен зиялы қауым өкілдері жастарға дәріс оқуда.


Рухани жаңғыру бойынша дәрістер оқыды

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Кентау қаласында қала басшылары мен зиялы қауым өкілдері жастарға дәріс оқуда. Яғни, Елбасы мақаласында көрсетілген айқын басымдықтарды жастар бойына сіңіріп, рухани жаңғыруды жете түсіндіруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кентау қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде қала әкімінің орынбасары Самат Расұл, Кентау қаласы арнаулы кәсіптік колледжінде "Нұр Отан" партиясы Кентау филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков, Кентау көпсалалы колледжінде Кентау қаласының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Өмірбек Жүсіпов жастармен кездесу өткізіп, Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында сабақ өтті.
Сонымен қатар қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Маржан Кривенцова Кентау колледжінде жастарға арнайы дәріс оқыды.
Сондай-ақ, жиында қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары жастар үшін үлгілі кеңесші бола алатын "Жастарға керек 1001 дерек" және т.б анықтамалық кітапшаларын таратылды.