​Сайрамда кабельді электр сымдарын шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр

0
1 995

Түркістан-Сайрам. Зауытта өндірілген өнімнің 40-45 пайызы ТМД елдеріне соның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанға экспортқа шығады.


​Сайрамда кабельді электр сымдарын шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр

Сайрам ауданында 2008 жылы ашылған «KazTel» ЖШС кабельді электр сымдарын шығаратын зауыт өз жұмысын қарқынды жүргізіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жоба мемлекеттің «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Жылына 1 млрдқа жуық өнім өндіретін бұл зауыт, 65 жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Қызметкерлердің тәжірибесіне, атқаратын қызмет түріне қарай жалақылары 60 000 тг мен 150 000 тг аралығында.
Зауытта өндірілген өнімнің 40-45 пайызы ТМД елдеріне соның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанға экспортқа шығады. Мұндағы шикізаттар отандық өнім, мәселен алюминий Шымкент қаласындағы «Цветлит» фирмасынан ал, мыс Балқаш қаласынан жеткізіледі. Зауыттағы ПВХ, станоктар және де басқа құрылғылар Башқұртстан, Татарстан, Қытай, Иран, Түркия мемлекеттерінен келетін өнімдері. Өндіріс орны биылғы жылдың 9 айында 2494 метр өнім өндірген.
Сонымен қатар зауыт ұжымы мемлекет татарпынан берліген қолдауға өз ризашылықтарын білдірді. Заман талабына сай жабдықталған, жоғарғы сападағы өнім өндіретін «KazTel» ЖШС еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі зор.