​Сарыағаш ауданында қыздар спорты қарқынды дамуда

0
2 634

Жарыстың мақсаты қыздар спортын жандандыру, аудан арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау, қыздарды спортқа баулу.


​Сарыағаш ауданында қыздар спорты қарқынды дамуда

Сарыағаш ауданы Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде арнаулы орта оқу орындарының студент қыздар арасында жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен арнаулы орта оқу орындарының студент қыздары арасында спорттың волейбол түрінен «Студенттік лига» ойындары болып өтті.
Бұл жарысқа ауданымызбен көрші Келес ауданның қыздарыда бақтарын сынады. Жарыстың мақсаты қыздар спортын жандандыру, аудан арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау, қыздарды спортқа баулу.
Қыздар арасында өткен волейболда жарыста І-орынды №12 Кәсіптік колледжі, ІІ-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІІ-орынды ОҚ Арыстанбаб колледжі иеленді.. Жарысты тамашалауға, жас қыздардың талантын көруге, жастарға қолдау көрсетуге Сарыағаш аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков арнайы қатысты. Жарыс соңында аудан басшысы Қайрат Абдуалиев қыздарға өмірде тек сәттілік тілеп, алдағы жарыстарда биік белестерден көрінуіне тілектестік білдіріп жарысты қорытындылап жеңіпаздарды марапаттады.