​Сарыағашқа көрші елден дін өкілдері келді

0
1 509

Басқосуда ең өзекті мәселерлерді талқыға салып, оның шешілу жолдарын қарастырды.


​Сарыағашқа көрші елден дін өкілдері келді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына арнайы Өзбекстан Республикасынан имамдары келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына арнайы Өзбекстан Республикасынан тәжірибе алмасу мақсатында бір топ имамдар мен дінтанушы мамандар келіп, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Смаил Тасқұловтың арнайы қабылдауында болды.

Жиын барысында қазіргі таңда белең алып тұрған қоғамдағы керіағар діни ағымдардың алдын алу, экстремизм мен терроризмді болдырмау мәселелері қаралды.

- Бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі, - деп атап өтті Смаил Тасқұлов өз сөзінде.

Сонымен қатар, Келген қонақтармен алдағы уақытта кездесулер мен жиындар өткізілетін жеткізіп, көрші елдің дінтанушылар мен имамдарға алғысын айтты.