​Сарыағашта ауыл шаруашылығы саласы дами түсетін болды

0
1 729

Бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауыл шаруашылық техникалары мен қажетті құрал жабдықтарды алдыңғы жарнасыз (аванстық төлемсіз) сатып алу мүмкіндігіне ие.


​Сарыағашта ауыл шаруашылығы саласы дами түсетін болды

Сарыағаш ауданына Оңтүстік Аймақтық Инвестиция орталығының басқарма төрағасының орынбасары Т.Абилдинов, «Ырыс» МҚҰ директорының орынбасары Е.Ержанов қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік мектебінде кездесу жиыны өтті. Жиынға Оңтүстік Аймақтық Инвестиция орталығының басқарма төрағасының орынбасары Т.Абилдинов, «Ырыс» МҚҰ директорының орынбасары Е.Ержанов, ауылдық округтері әкімдері мен кәсіпкерлер қатысты. «Ырыс- Өркендеу» лизинг бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС ауыл шаруашылық субьектісін қолдауда.
Бағдарламаның мақсаты қажетті ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарға мұқтаж, бірақ аванстық төлем төлейтін мүмкіндігі жоқ шаруашылықтар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауыл шаруашылық техникалары мен қажетті құрал жабдықтарды алдыңғы жарнасыз (аванстық төлемсіз) сатып алу мүмкіндігіне ие.
Оңтүстік Аймақтық Инвестиция орталығының басқарма төрағасының орынбасары Т.Абилдинов өз сөзінде кәсіпкерлерге қазіргі таңда бар жағдай жасалғаны Елбасымыздың өзі қолдау білдіріп жатқанда, кәсібімізді одан әрі дамытуымыз керек. Ал бүгінгі сіздерге таныстырған бастамамыз сіздерге жаңа серпін береді деген ойдамын.