​Сарыағашта мәдениет ошақтары есеп беру концертін өткізуде

0
1 464


​Сарыағашта мәдениет ошақтары есеп беру концертін өткізуде

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын насихаттау аясында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Жемісті ауылдық мәдениет үйінде үйірме жұмыстарының екінші аймақтық қорытынды концерті өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есеп беру шарасында Ақжар, Дербісек, Жібек жолы, Қабланбек, Ақниет, Қызылжар, Жаңатұрмыс және Жемісті ауылдарының өнерпаздары салт-дәстүрді дәріптеумен қатар, ұлттық музыкалық аспаптарда өнер көрсетіп, дәстүрлі әндерді орындады.Концертте жастар жағынан өнер саласына келіп жатқар жастар өз өнерлерін көрсетсе, ауданның мәдениет саласында орасан үлес қосып жүрген өнер тарландары да көрерменге шашу шашты.

Концертті тамшалаған ауыл тұрғындары жас өнерпаздарға алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

Айта кету керек, есеп беру концерті барлық мәдениет үйлері мен клубтарда жыл соңына дейін жалғасады.