Сарыағашта міндетті әлеуметтік сақтандыруға арналған жиын өтті

0
1 318

Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Беден Ахмет түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Сарыағашта міндетті әлеуметтік сақтандыруға арналған жиын өтті

Сарыағаш ауданында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына түсіндірме жүргізуге арналған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы мәжіліс өтті. «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Беден Ахмет Сейсенбайұлы аудан тұрғындары, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлер, әлеуметтік қызметкер, мұғалімдер және кірістер басқармасы қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз сөзінде басшы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мақсаты - азаматтардың денсаулығын қорғау болып саналатынын айтты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесі – ол халықтың денсаулығын қорғау аясындағы мүдделерінің әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйеге қатысушыларға уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмек көмегін қамтамасыз ету керектігін айтып, жиналған азаматтардың сұрақ- ұсыныстарын тыңдады.