​Сарыағашта жаңа орталық ашылды

0
1 697

"Пробация" орталығының басты мақсаты пробация тізімінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, жеке кәсібін ашамын дегендерге қолдау білдірумен қатар психологиялық көмек көрсетеді.


​Сарыағашта жаңа орталық ашылды

Сарыағаш қаласында пробация тізімінде тұрған азаматтарға арналған "Пробация" орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл орталық шартты түрде бас бостанды­ғынан айырылған азаматтарға әлеу­меттік-құқықтық қызмет көрсет мақсатында жұмыс бастады.
Аталған орталықтың ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев қатысып, сттілік тіледі.
Естеріңізге салар болсақ, "Пробация" орталығының басты мақсаты пробация тізімінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, жеке кәсібін ашамын дегендерге қолдау білдіру, психологиялық көмек көрсету, мамандық меңгеру, кәсіпкерлікті қолдау үшін несие алу, орта білім алу, құжаттандыру, медициналық көмек, құқықтық көмек және өзге де жәрдем түрлеріне қызмет көрсетеді.