Сарыағаштағы бес жасар қыздың өлімі: Күдікті 2 айға қамауға алынды

0
1 512

Қаулы заңды күшіне енбеген.


Сарыағаштағы бес жасар қыздың өлімі: Күдікті 2 айға қамауға алынды

иллюстрациялық фото

Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотында Түркістан облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігімен күдікті деп танылған Г.С-ға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхаты қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тергеп-тексеру органы күдікті тағылған айыптардың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын, бұған дейінде аса ауыр, ауыр санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін сотты болғанын, оның бостандықта жүріп жәбірленушіге, куәларға қысым көрсету ықтималдығын, істі объективті тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екендігін көрсетіп, соттан күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауды сұраған.

Іске тіркелген құжаттардан анықталғандай, күдікті Г.С. 2023 жылғы 13-шілде 13 сағат 30 шамасында спирттік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, үйінің алдында ойнап жүрген 10.07.2018 жылы туылған жас бала Е.Н-ды көріп жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында, жас балаға тыңдау үшін жақсы ән қойып беремін деп оны алдау арқылы үйінің ауласына алдап кіргізіп, күш қолданып, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық әрекеттерді қасақана жасаған. Ол өзінің қасақана жасаған аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірек торы мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп қасақана өлтірген.

Соттың 2023 жылғы 15-шілдедегі қаулысымен күдікті Г.С-ға 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланып, іске қатысушыларға қаулымен келіспеген жағдайда оны апелляциялық тәртіппен шағымдану құқықтары түсіндірілген.

Қаулы заңды күшіне енбеген.