​Сарыағаштық лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі пысықталды

0
1 222

Лауазымды тұлғаларға тапсырма орындамаған жағдай жауапкершілікке тартылатын қатаң ескертті.


​Сарыағаштық лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі пысықталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында лауазымды тұлғалармен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен қылмыстылықтың алдын алу бойынша мекемеаралық жиналыс өткізілді.

Аталған жиынға аудан әкімі Қ.Абдуалиев, аудан прокуроры Ж.Нұрғали, аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов, аудан прокурорының орынбасары Б.Абдулахат, АІІБ бастығының орынбасары Ә.Бекмырзаев, қала, кент және ауылдық округтерінің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

Мекемеаралық жиналыста 2018 жылдың 31 қазанында өткізілген жиынның қорытындысымен Қылмыстық құқық бұзушылықтардың және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша түзілген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы талқыланды. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұловтың және АІІБ бастығының орынбасары Ә.Бекмырзаевтың баяндамалары тыңдалды.

Жиналыстың қорытындысымен құқық қорғау органдары мен құзырлы органдарға тиісінше тапсырмалар берілді. Аталған тапсырмалар көрсетілген мерзімдерінде орындалмаған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатындығы туралы қатаң ескертілді.