​Сарыағаштың ағаш базарындағы жағдайды әкім қадағалайтын болды

0
1 907

Кәсіпкерлерге өз жұмыстарын жалғастыру үшін арнайы 3,0 га жер учаскесі ұсынылады.


​Сарыағаштың ағаш базарындағы жағдайды әкім қадағалайтын болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан ағаш базарын нысаналы пайдалану мақстын өзгерту мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі аумағындағы ағаш сатып жатқан жерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы егістікке берілген жерлер. Ал, қазіргі таңда мұнда заңсыз ағаш базары өз жұмысын жүргізуде. Бұл жерлер 17 жеке тұлғаға шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жерлер, олар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 93-бабының талаптарына сәйкес бұл жер учаскелерін бүгінгі күнге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалануда, яғни жер учаскесін немесе оның бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауда.

Осыған орай, бұл жер учаскелерін тексеру жүргізіп, нәтижесі бойынша тиісті шара көру үшін облыстық жер инспекциясына 2018 жылдың сәуір айында тиісті хат жолданған. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65 бабының 1 тармағының 1 тармақшасын бұзғаны үшін облыстық жер инспекциясы тарапынан 5 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-ның 339 бабының 1 тармағының 1 тармақшасы бойынша әкімшілік істер қозғалған. Аудан әкімшілігі тарапынан бұл жер учаскелерін қайтарып алуға бүгінгі күнге қажеттілік туындап отырған жоқ. Шаруа қожалық иелері мен жер пайдаланушылар жерлерін өз мақсатына сай пайдалануға толық құқығы бар. Яғни, жылыжай салуға немесе басқа да ауылшаруашылық дақылдарын егуге.

Жоғарыда аталған ағаш сататын орын маңындағы мұнай базасы мен Құркелес өзенінің қорғау аймақтарын ескеріп, бүгінгі күнге бұл жер учаскелерінің нысаналы пайдалану мақсатын өзгерту мүмкіндігі қарастырылуда.

Сонымен бірге, ағаш сататын орын орналастыру үшін осы жерге жақын маңнанаудан басшылығы арнайы 3,0 га жер учаскесі ұсынылған.