СӘУЛЕТ ҒИМАРАТТАРЫ ТҮРКІСТАННЫҢ СӘНІН КЕЛТІРІП ТҰР

0
497

Түркістан түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамуда.


СӘУЛЕТ ҒИМАРАТТАРЫ ТҮРКІСТАННЫҢ СӘНІН КЕЛТІРІП ТҰР

Бүгінде елімізде әрбір саланы жоспарлы түрде дамыту жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізіліп жатыр. Оған мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік және ұлттық жобалардың ықпалы зор. Осы орайда, 5 жылға жуық уақыт бұрын құрылған Түркістан облысындағы сәулет саласының дамуы жайлы сөз етпекпіз.

Естеріңізде болса, Түркістан облысы жаңадан құрылған сәтте өңір басшылығы Түркістан түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамитынын айтқан болатын.

- Түркістан қаласында бой көтеретін тұрғын үйлер көп қабатты болмайды. Себебі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің биіктігінен аспау керек. Барлық жерде мавзолей мүмкіндігінше көрініп тұруы қажет. Сондай-ақ, баспаналар Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуы тиіс. Сонда еліміздегі, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтереді, - деген сол кездегі облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өз сөзінде.

Содан бері Түркістанда жаңадан әуежай, автовокзал, көптеген қонақ үйлер мен дәмханалар, шығыс және заманауи стильдегі туристік кешендер мен тарихи-мәдени орталықтар салынды. Бұдан бөлек, республиканың әрбір облысы Түркістан қаласына бір-бір ғимараттан салып, сыйға тартты. Сөйтіп, мыңдаған жылдық тарихы бар Түркістан түрленіп сала берді. Қазір, бұл қалаға алғаш келген адамдар сәулетіне тамсанып, бұрын болғандар өзгерісіне тәнті болуда.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі


"Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешені


Әкімшілік-іскерлік орталық


«Ұлы Дала Елі» орталығы


«Оқушылар сарайы»



Саябақтар


Жасанды көл


«Түркістан арена»


Амфитеатр


Бас жоспармен қамту динамикасы

Түркістан облысы құрылған уақыттан бастап сәулет және қала құрылысы басқармасы біршама жұмыс атқарып үлгерді. Мәселен, Түркістан облысында 820 елді мекен бар болса, 2018 жылы солардың 518-інің ғана бас жоспары болған. Ал, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 799-ға өсіпті. Яғни, басқарма мен аудандардың тарабынан 281 елді мекенің бас жоспары әзірленген деген сөз. Тиісінше, қазіргі таңда облыс бойынша бас жоспармен қамтылу көрсеткіші 98 пайызды құрап отыр. Атап айтқанда, 2018 жылы 82, 2019 жылы 99, 2020 жылы 54, 2021 жылы 36 және 2022 жылы 10 елді мекеннің бас жоспары әзірленген.

Сондай-ақ, облыс бойынша 92 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары дайындалып, бекітілді. Тиісінше, былтыр Түркістан қаласының аумағы 1323,6 гектарды құрайтын екі бірдей индустриалды-өндірістік және бір аграрлы-өндірістік 194,5 гектар аумағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, 500,0 мың теңге қаралды. Ал, Түркістан қаласының Бас жоспарын іске асыру үшін 2020-2022 жылдар аралығында 14 аумаққа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, жалпы аумағы 14 208,66 гектарды құрады.

Сонымен бірге, 2023 жылы Шардара қаласы мен Отырар ауданындағы Шәуілдір елді мекенінің Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары бастау алды. Одан бөлек, Аймақтық кешенді схеманы әзірлеу және құрылыс салу жобасы бойынша да жұмыстар басталды. Тиісінше, аталған жұмыстардың барлығы өңірдің әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, көліктік, инженерлік инфрақұрылымдық және т.б. салалары бойынша дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.


Инженерлік жүйелерді түгендеу жұмыстары

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасына сәйкес, қала құрылысы кадастрының цифрлық жоспарлы негізін құру үшін құрылыс салынған аумақтардағы жер асты және жер үсті коммуникацияларды түгендеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған. Бұл тапсырманы орындау бірінші кезекте облыс аумағындағы қала мен аудан орталықтарының құрылыс салынған аумақтарына түгендеу жұмыстарын жүргізуден басталған. Тиісінше, өңірдегі құрылыс салынған аумақ көлемі 32106,64 гектар екені анықталып, 2018 жылы 560,0 гектар, 2019 жылы 40,43 гектар, 2020 жылы 700,5 гектар, 2021 жылы 9800 гектар және 2022 жылы 8487,66 гектар аумаққа түгендеу жұмыстары жүргізілген. «Түркістан облысының 2021-2025 жылдар аралығына арналған даму жоспарына» сәйкес, аталған жұмыстар 2024 жылы аяқталуы тиіс болған. Дегенмен, сәулет басқармасы бұл жұмысты 2023 жылы аяқтауды көздеп, облыстық және жергілікті бюджеттен қажетті қаржы қаралып отыр.


Геопортал ақпараттық жүйесі

Түркістан облысында мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геопортал ақпараттық жүйесіне пайдалануға қабылданған үйлердің актісін, сәулеттік-жоспарлау тапсырмалары мен келісілген эскиздік жобаларды енгізу жұмыстары да тұрақты жүргізіліп келеді. Атап өтсек, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшілік етуімен аудан, қала әкімдіктерінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан 2019, 2020, 2021 жылдары 18 546 тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі деректер Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған геопортал ақпараттық жүйесіне енгізілген. Ал, былтыр бұл жүйенің тізіміне 4773 жеке және көпқабатты тұрғын үй қосылған. Тиісінше, өңірде 2018 жылы 2583, 2019 жылы 2837, 2020 жылы 4026, 2021 жылы 3541 және 2022 жылы 3333, жалпы 5 жыл ішінде 22 883 тұрғынүй пайдалануға берілген екен.

Одан бөлек, 2022 жылдан бастап мемлекеттік қала құрылысы кадастырының геопорталына 3552 сәулет-жобалау тапсырмасы мен 3405 эскиздік жоба енгізілген. Өз кезегінде, бұл жұмыстар деректерге қолжетімділікті арттырып, цифрландыру жұмыстарының көрсеткіші болып отыр.



Сәулеттік жобалар

Түркістан облысы құрылғалы бері өңірде туристер мен зиярат етушілерге қызмет көрсетуді жақсарту көзделіп, туристік инфрақұрылымды көтеру,туризмді дамыту, шағын және орта бизнесті қалыптастырып, қаладағы экономиканың орнықты дамуы үшін инвесторларды тарту бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Бұдан бөлек, қоғамдық аймақтар денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту, байланыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық және коммерциялық қызмет көрсету объектілерін салу да назардан тыс қалған емес. Осы орайда сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан облыскөлеміндегі сәулеттік жобалар мен концепциялар әзірленіп, ұсынылған.


Оның ішінде "Жібек жолы саябағынан Президент саябағына дейінгі Канал" жобасын ерекше атап өтсек болады. Бұл арқылы тұрғындар, туристер мен қонақтар Түркістанды қайықпен тамашалап, канал аумағындағы сауда кешендерін аралап, дәмханалардан тамақтанып, саяхаттайтын болады.

Сонымен бірге, қасиетті Түркістанға келушілердің басым бөлігі теміржол арқылы келетіндіктен, қала вокзалының сәулеттік келбетін қайта жасақтау жобасы ұсынылып, қолдау тапты.

Бұдан бөлек, қазіргі ұрпақ – келешектің кепілі болғандықтан, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Түркістан облысына қарасты аудандарда заманауи «Оқушылар сарайы» кешендерін салу үшін концепциялық жоба әзірленіп, қолға алынатын болды.

Сонымен қатар, 2022 жылы «Қолөнершілер қалашығы» сәулеттік жобасының концепциясы ұсынылып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түркістанның мәдени-рухани орталығынан бой көтеретін теңдессіз туристік кешенде ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын және қолөнер технологиясын оқытатын ірі шеберхана салынады. Қолөнершілер қалашығынының жалпы аумағы – 9 мың шаршы метр. Жаңа қалашықта қонақүйлер мен ас үйлер, көрме немесе Showroom орналасады. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту шаралары да жоспарланып отыр.

Жалпы, алдағы уақытта Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту көзделіп отыр. Бұл тұрғыда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тарапынан ұсынылған жобалардың тиімділігі де мол болмақ.

ERNUR.KZ