Сенат төрағасы Түркістанның суландыру жүйесіне ризашылығын білдірді

0
596

Су мәселесінің оң шешім тапқанына қуанышты екенін жеткізді.


Сенат төрағасы Түркістанның суландыру жүйесіне ризашылығын білдірді

Түркістанға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев іссапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев іссапармен келіп, зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен кездесті.


Алқалы жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Сенат төрағасына Түркістан облысын дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Мәулен Әшімбаев Түркістанның гүлденіп келе жатқанын, су мәселесінің оң шешім тапқанына қуанышты екенін жеткізді.


Зиялы қауыммен кездесуде референдуммен бірге саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын зерттеу, жазықсыз жапа шеккендерді ақтау мәселесі де кеңінен талқыланды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өткен басқосуда жиналғандар ел тарихындағы қасіретті жылдар жайлы да мағлұматпен бөлісіп, пікір алмасты.


Сенат төрағасы еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылғанын, осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді. Былтыр Сенат бастамасымен құнды деректерден тұратын 5 томдық ғылыми еңбек жарық көрді. Оған түркістандық ғалымдар да үлес қосқан.