Шардарада департамент басшысы мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді

0
1 111

Атап айтқанда, ағымдағы жылы пилоттық жоба ретінде бірқатар мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала жүйесі енгізіліп, ондағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2-ден 2,5 есеге дейін көтерілген.


Шардарада  департамент басшысы мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев Шардара ауданында кезекті жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік ұйым басшылары, білім саласының қызметшілері мен арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде Елбасының 5 қазанда жариялаған Жолдау бағыттары, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен кәсібилігін қамтамасыз ету, Әдеп кодексінің талаптары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері талқыланды.
Кездесуде сөз сөйлеген Ғ.Тұрсынбаев жаңа Жолдауда жастар мәселесі, медицина саласын дамыту, бизнесті көркейту, жалақы мөлшерін арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсарту және елдіміздің даму жолындағы басқа да мәселелер айтылды және сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатыны назарға алынғанын атап өтті.
Жиын барысында Департамент басшысы мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын және кәсібилігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы пилоттық жоба ретінде бірқатар мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала жүйесі енгізіліп, ондағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2-ден 2,5 есеге дейін көтерілгенін, бос лауазымдарды ішкі конкурстар арқылы бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілермен толтырылатынын, қызметшілерді тұрақты түрде оқытуына көңіл аударылатынын тілге тиек етті.
Бұған қоса, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруде қызметшілер арасында жалпы бекітілген мінез-құлық ережелерінің талаптарын сақтау маңызды. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер қызметте және қызметтен тыс уақытта да әдеп Кодексінің нормаларын қатаң сақтау оң әсерін беретінін ескертті. Жиын соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктерге қатысты түсірілген видео түсірілімдер көрсетілді.