​«Шаяннан шыққан қос батыр» кітабы оқырмандарға таныстырылды

0
2 561

Кітапхананың оқу залына жиналған оқырмандарға алдымен батырлар жайлы түсірілген бейнематериалдар көрсетілді.


​«Шаяннан шыққан қос батыр» кітабы оқырмандарға таныстырылды

Жақында Бәйдібек ауданының орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық «Алғабас» газетінің редакторы, Қазақстан журанлистер одағының мүшесі Абзал Әлішерұлы Әділбековтің «Шаяннан шыққан қос батыр» атты кітабының таныстырылуы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жеңістің 70 жылдығы мерекесінде тарту етілген бұл кітапта Кеңес Одағының Батырлары, Бәйдібек ауданының тумасы Садық Әбдіжаппаров пен Қарсыбай Спатаевтың ерліктері туралы жазылған. Қос батыр туралы естеліктер мен мақалалар енгізілген.

Кітапхананың оқу залына жиналған оқырмандарға алдымен батырлар жайлы түсірілген бейнематериалдар көрсетілді.

Әдеби-сазды кеште аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ерғали Есмұрзаев, кітапхана директоры Айгүл Молдабекова авторға шығармашылық табыс тілеп, естелік сыйлықтарын тапсырды.

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы зерттелетін, зерделенетін мәселелердің бар екендігін тілге тиек етіп, "Шаяннан шыққан қос батыр" кітабы жастарды отаншылдыққа тәрбиелейді деп қорытындылады.