Шорнақтағы жанжал: Арандатушылар тұрғындарды бұзақылыққа шақырған

0
774

Оның 2-еуі соттың шешімімен қамауға алынды.


Шорнақтағы жанжал: Арандатушылар тұрғындарды бұзақылыққа шақырған

фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде бір топ азаматтар полиция қызметкерінің қатысуымен өздерінің наразылықтарын білдірген бейнежазба таралған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында жанжал орын алып, полиция қызметкерлері алдын алып тоқтатқан еді.

Оқиға орнына бірінші болып келген Кентау қалалық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы жанжалды жағдайды тоқтату шараларын жүргізген. Полиция қызметкері алған жарақатына және азаматтардың белсенді бағынбаушылығына қарамастан өз міндетін атқарып, күш пен атыс қаруын қолдануға жол бермейді. Алайда учаскелік полиция инспекторы мен үш ауыл тұрғыны тастан жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Келесі күні Шорнақ ауылында арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырған. Аталған жайт полиция қызметкерлерімен бірден тоқтатылды. Ауыл тұрғындарымен облыстың қоғамдық және әкімдік өкілдері кездесу өткізді.

Сондай-ақ, жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 4 азаматты анықтап, ұстаған. Оның 2-еуі соттың шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.