Шымкент әкімдігі қызғалдақпен түскен үздік суретке байқау жариялады

0
3 787

Айта кетейік, қалалық әкімдіктің аккаунтына жіберілген барлық суреттер арнайы айдармен жарияланады және ең үздік сурет сүйікті қаламыздағы баннерлерде ілінетін болады. Фотосуреттер 15 сәуірге дейін қабылданады.


Шымкент әкімдігі қызғалдақпен түскен үздік суретке байқау жариялады

Шымкент қалалың әкімдігі өңіріміздің тұрғындарына арнайы конкурс жариялады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қазіргі таңда Шымшаһарда сан түрлі қызғалдақ жайқалып тұр. Қала тұрғындары сол гүлдермен суретке түсіп те үлгеруде. Ендеше, сол суреттерді бүкіл қала болып тамашалау мақсатында қалалық әкімдік шаһардағы қызғалдақтармен түскен үздік суретке байқау жариялайды. Ол үшін қызғалдақпен суретке түсіп, қалалық әкімдіктің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @akimat.shymkent парақшасына дайрект арқылы жолдауға болады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, қалалық әкімдіктің аккаунтына жіберілген барлық суреттер арнайы айдармен жарияланады және ең үздік сурет сүйікті қаламыздағы баннерлерде ілінетін болады. Фотосуреттер 15 сәуірге дейін қабылданады.

Хабарламада жүлде қоры жайлы және байқаудың неге тек қана өңір тұрғындары үшін ғана ұйымдастырылғаны түсіндірілмеген.