Шымкент көшелерінде адасып кетуге болады

0
1 436

​ERNUR.KZ. Қаламыздағы Мұхаммед Хайдар Дулати көшесіндегі бағыттағыш тақташалар жел тұрса болды бағытын өзгерте салатын болды. Онымен қоса тақташалар бекітілген орынынан босап төмен түсіп кеткен.


Шымкент көшелерінде адасып кетуге болады

ERNUR.KZ. Қаламыздағы Мұхаммед Хайдар Дулати көшесіндегі бағыттағыш тақташалар жел тұрса болды бағытын өзгерте салатын болды. Онымен қоса тақташалар бекітілген орынынан босап төмен түсіп кеткен. Ал көшенің келесі басында қойылған тақташа,айналып кетіп өз бағытын шатастырып көрсетіп тұр. Көршілес тұрған көше белгілерініңде жағдайы мәз емес. Олар да «Дулати» көшесіндегі тақташаның халін кешуде. Осы көрсетіп тұрған бағытымен жүрген жолаушылар діттеген жерінен адасып кетеді ме дейсің. Бұл қаладағы жалғыз тақта емес, осындай сипатта тұрған бірнеше бағыттағыш тақталар бар. Мемлекет қаржысынан осы салаға қыруар қаржы бөлінетінін ескерсек, мына бағыттағыш тақташалардың ахуалы ол қаржыға сай келмейтінін де айта кету керек. Күнделікті жүретін көшесі болғандықтан біраз тұрғындар мән беріп, елеп-ескере бермейді. Дегенмен, сырттан келген кісі көзіне түрпідей тиеді.

  • Мына фотосуретте көрсетілген тақташа төмен түсіп кеткен.
  • Бұл суретте көше бағыттағыш тақта, тіпті, бір кісінің жеке тұрғын үйін көрсетіп тұр.
  • Назарларыңызға «желдің рұқсатымен» өзара орын алмастырып, киылысып жатқан екі көшенің атауы.
  • Төмендеп кетіп, бағытын өзгерткен бағыттағыш.