"Шымкент – менің бақша қалам!» атты фестиваль басталды

0
1 380

Ағаштар отырғызу «Самал» шатқалында өтеді. Сонымен қатар, қонақтарға БҰҰДБ викториналық сұрақтар, жастар үшін «Энергиялық тиімді технологиялар әлеміндегі ойындар» квесті, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.


"Шымкент – менің бақша қалам!» атты фестиваль басталды. Фестиваль барысында Шымкент қаласында бір мезгілде 80 000 жеміс ағашы отырғызылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ағаштар отырғызу «Самал» шатқалында өтеді. Сонымен қатар, қонақтарға БҰҰДБ викториналық сұрақтар, жастар үшін «Энергиялық тиімді технологиялар әлеміндегі ойындар» квесті, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Аталған іс-шара 2018 жылы 30 наурызда Астана қаласынан бастау алды. Ұйымдастырушы – БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық маңызды бар бастамаларды дамыту қоры. Фестиваль эстафетасы Шымкент қаласына берілген. Іс-шара «Шымкент – менің қалам – менің бақшам!» атты бірыңғай ұранымен өткізіліп отыр.