​Шымкентте алғашқы Арбат ашылды

0
787

Ұзындығы шақырымға шамалас Арбат құрылысы екі айдың ішінде аяқталды. Шымдар мен орындықтан қойылып, жүргіншіның жолына табиғи тас төсеген.


​Шымкентте алғашқы Арбат ашылды

ERNUR.KZ. Шымкентте отбасымен демалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді. Бұл қала басшыларының «Отбасы күніне» жасаған тартуы, деп хабарлайдыERNUR.KZ тілшісі.

Ұзындығы шақырымға шамалас Арбат құрылысы екі айдың ішінде аяқталды. Шымдар мен орындықтан қойылып, жүргіншіның жолына табиғи тас төсеген. Мұнда велосипед жолағы да қаралған.

Оған қоса, 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 700 түп тал мен 100 түп раушан гүлдері егілген.

Оған қаржы қаланы абаттандыру қорынан бөлінген. Алайда, демалыс орнына нақты қандай сома жұмсалғанын атқамынерлер айтып бере алмады.

«Бүгін Халықаралық отбасы күні. Осындай күні отбасылық демалыс орны – Шымкенттің алғашқы Арбатын халықтың игілігіне беріп отырмыз. 1 шақырымға дейін созылған Арбат құрылысын екі айдың ішінде аяқтаған қала әкімдігінің жауапты басшыларына алғысымды білдіремін», - деді Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет