Шымкентте алғаш рет кассирсіз жұмыс істейтін әжетхана ашылды

0
1 852

Бұл автоматты түрде жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы әжетханалардың бірі. Ерекше дәретхана ең алдымен Шымкентте ашылып отыр. Қызығы сол ақылы әжетханада кассир жұмыс істемейді. Яғни, жүз теңге саласың, есіктің өзі автоматты түрде ашылады деп жазады Otyrar.kz


Шымкентте алғаш рет кассирсіз жұмыс істейтін әжетхана ашылды

фото иллюстрациялық

Бұл автоматты түрде жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы әжетханалардың бірі. Ерекше дәретхана ең алдымен Шымкентте ашылып отыр. Қызығы сол ақылы әжетханада кассир жұмыс істемейді. Яғни, жүз теңге саласың, есіктің өзі автоматты түрде ашылады деп жазады Otyrar.kz

Әлеуметтік желіде таралып кеткен ерекше әжетхананың видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.

«Мынаған жүз теңге саласың, есік ашылады. Мына жақта ерлердікі, ал арғы жағында әйелдердікі. Жүз теңге салсаң кіресің, жүз теңге салмасаң… жібересің», - деп видео авторы қалжыңдауда.

Әлеуметтік желідегі видеоны тамашалағандар автоматты түрде жұмыс істейтін әжетханаға таңқалыстарын білдірді. Ал кейбірі шымкенттіктер үшін әжетхана құнының жүз теңге болуы қымбат дейді.