Шымкентте автокөлік аккумуляторларын ұрлағандар ұсталды

0
1 129

Шымкенттік полиция қызметкерлері 24-25 жас аралығындағы Шымкент қаласының төрт ​тұрғынын ұстады. Олар автокөліктен аккумулятор ұрлаудың 5 жайтына қатысы бары белгілі болды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ​ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармас​ына сітлеме жасап.​


Шымкентте автокөлік аккумуляторларын ұрлағандар ұсталды

Шымкенттік полиция қызметкерлері 24-25 жас аралығындағы Шымкент қаласының төрт тұрғынын ұстады. Олар автокөліктен аккумулятор ұрлаудың 5 жайтына қатысы бары белгілі болды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сітлеме жасап.

Күдіктілер ұрланған заттарды жергілікті сауда нүктелеріне сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған.

Бұл қылмыстың ашылуына Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не облыс орталығы тұрғындарының арыздануы түрткі болған. Онда белгісіз тұлғалар олардың автокөліктерінің аккумуляторын ұрлап кеткенін көрсеткен. Сонымен, жәбірленушілердің бірі өткен жылдың желтоқсан айында арампиғылдылар оның жүк көлігінің бағасы 50 мың теңгеден асатын екі аккумуляторын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктілердің басқа да бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы болуы мүмкін екенін алға тартуда.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болмас үшін автокөлік иелеріне бірнеше сақтық шараларын жасауды ескертеді. Өз автокөлігіңізді ашық күйде және онда ақша мен бағалы заттарды қалдырмаңыз. Автокөлігіңізге дабыл жүйесін орнатып, күзетілетін автотұраққа қалдырыңыз.

Егер де Сіз осындай қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабар беріңіз.