Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

0
3 234

​Шымкент биыл да қызғалдақтар астанасына айналды. Қаладағы гүлзарларда жалпы саны 1 миллион 300 мыңнан аса қызғалдақ гүлдеп тұр.


Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

Шымкент биыл да қызғалдақтар астанасына айналды. Қаладағы гүлзарларда жалпы саны 1 миллион 300 мыңнан аса қызғалдақ гүлдеп тұр. Олардың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті қызғалдақтар.

Айта кету керек, қаланы көріктендіруші мамандар гүлдерді арнайы кескіндердің ізімен еккен. Қызғалдақтар, мысалы, ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр.

Мамандардың айтуынша, қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа гүлдер егіледі. Жаздық гүлдер де көгалдардың, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек.

дереккөз: shymkent.gov.kz