Шымкентте «Миллионмен бірге жарқырайық!» флэшмобы өтеді

0
1 051

Іс-шара барысында тұрғындар бір мезетте мыңдаған қалта шамын жағу арқылы туған қаласына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін білдіреді.


Шымкентте «Миллионмен бірге жарқырайық!» флэшмобы өтеді

Халық саны 1 миллионды еңсерген Шымкент тұрғындарымен осынау тарихи сәтті атап өту мақсатында «Миллионмен бірге жарқырайық!» тақырыбында кең ауқымды флэшмоб ұйымдастырылмақ.

Іс-шара барысында тұрғындар бір мезетте мыңдаған қалта шамын жағу арқылы туған қаласына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін білдіреді. Осыған орай қала аумағы бойынша аталған мерзімде электр жарығы бір сәтке өшіріледі. Өз кезегінде қаланы бір сәтке электр энергиясы көзінен ажырату 1 млн киловат электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Негізгі іс-шара Наурыз алаңында 8 маусым күні сағат 22:00-де өтеді.