Шымкентте өртенген көліктен мәйіт табылған

0
1 591

ERNUR.KZ. ​Шымкент қаласында өртенген көліктің ішінен мәйіт табылған қатыс қылмыс ашылды.Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Шымкентте өртенген көліктен мәйіт табылған

фото ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында өртенген көліктің ішінен мәйіт табылған қатыс қылмыс ашылды.Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне өзен жағасында өртенген автокөліктен белгісіз азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері мәйіттің 30-35 жас шамасындағы Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтаған.

Осы оқиға бойынша «Кісі өлтіру» бабымен іс қозғалып, арнайы сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Ауыр қылмысқа қатысты тағы бір күдікті іздестірілуде.