Шымкентте пәкістандық тауар өндірушілердің көрмесі өтеді

0
1 003

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдул Салик Ханмен кездесті. Бұл тұралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланыс пен өзара әріптестікті талқылап, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан мен Пәкістан мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың басында орнап, дипломатиялық қатынастар саяси өзара әрекеттесудің жоғары деңгейі бар достық пен серіктестік бағытында дамып келеді. 2017 жылы екі ел арасындағы сауда айналым 54,5 млн. АҚШ долларын құрады. Пәкістанның Қазақстанға жөнелтетін экспорт көлемі 52,2 млн. АҚШ долларын құраса, Қазақстаннан Пәкістанға жеткізілетін импорттық тауарлардың көлемі 2,3 млн. АҚШ долларын құрап отыр.